Алматыда тауға кеткен жігіт өлі табылды

21 Ақпан 2018, 13:31
0
Алматыда тауға кеткен жігіт өлі табылды - © pixabay.com
© pixabay.com

Алматыда осы жексенбіде тауларда Нұрсұлтан Әбілбаев есімді жігіт қаза болды. Бұл туралы Нұрсұлтан Әбілбаевтің таныстары Facebook желісінде жазды. Осы деректі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жігіттің танысы Қайрат Шалтақбаевтың айтуынша, үш жігіт тауда адасып кетіп, құзға құлап кеткен. Нұрсұлтан ауа температурасының төмен болуынан көз жұмған. Ал досы үсіп қалып, ауруханаға жеткізілген. Үшінші жігіт жайлы әлі ештеңе айтылмады.

"Адам өлімі дерегі Медеу аудандық ІІБ тіркелді. Криминалдық белгілер жоқ", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД ресми өкілі.

Сондай-ақ, Қайрат Шалтақбаевтың жазбасында Нұрсұлтанның мейірімді және көңілді жігіт болғаны айтылады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай