Алматыда техникалық қызмет көрсету станциясында төрт көлік өртеніп кетті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Алматыда техникалық қызмет көрсету станциясында төрт көлік өртеніп кетті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Өрт Наурызбай ауданында Сағатов көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, көліктердің бірі өртене бастаған. Содан техникалық қызмет көрсету станциясындағы қалған көліктер де өртеніп кеткен. Станциядағы жалын күшейіп, сондағы тұрғын үйлердің біріне дейін жеткен. Оқиға орнынан келген өртсөндірушілер өртті тоқтата алды.
Алдын ала мәлімет бойынша, 30 адам эвакуацияланған, олардың бесеуі - балалар. Төтенше жағдайдың мән-жайын ТЖД өкілдері мен полицейлер анықтайды.