18 қаңтар 2019 13:01

Алматыда тікұшақ апатынан кейін Sky Service компаниясының жұмысы тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sky-service.kz © sky-service.kz

Алматыда тікұшақ апатынан кейін Sky Service компаниясының жұмысы тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда тікұшақ апатынан кейін Sky Service компаниясының жұмысы тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті тіркеу нөмірі UP-EC038 Eurocopter ЕС 130 Т2 тікұшағының әуе апатына ұшырау дерегінен кейін 2019 жылы 18 қаңтардан бастап Sky Service АҚ әуекомпаниясының ұшуларын тоқтатты", - делінген ведомствоның таратылған ақпаратында. 

 Қолайсыз ауа райында ұшуға байланысты комитет әуекомпаниядан және эксплуатанттардан азаматтық авиацияның ұшу өндірісі ережесін сақтауды талап етті. 

Алматыда шипажай аумағына тікұшақ құлады

ҚР ИДМ Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тергеу департаментінің өкілдері тергеу бастады.

Алматыда шипажай аумағына құлаған тікұшақта Валентин Шитов болғаны анықталды, ол жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды

"2019 жылдың 17 қаңтарында жергілікті уақыт бойынша сағат 15.59-да Sky-service әуекомпаниясына тиесілі "Еврокоптер-130" тікұшағы құлады. Ол Боралдай әуежайынан шығып Үлкен Алматы көліне ұшып бара жатқан кезде құлады. Бортта тек ұшқыш болған - Шитов Валентин Викторович, оны анықтаған кезде тірі болатын. Бірақ ауруханаға барар жолда жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды", - деп хабарлады комитеттегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети