1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматыда толассыз жауынның салдарынан монша өзенге қарай опырылып түсті

Кадрдан алынды Кадрдан алынды

Алматыда толассыз жауған жауынның салдарынан Есентай өзенінің Медеу ауданындағы бөлігінде монша опырылып түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Интернетте Marat Highwayman есімді қолданушы моншаның құлағаны бейнеленген видео жариялаған болатын. Кадрда кішігірім құрылысты өзен суының шайып кеткені көрінеді. Оқиға 1 мамырда Сызғанов көшесінде болған екен.

Алматы қаласының ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, толассыз жауған жауынның салдарынан су деңгейі көтеріліп, жағаны су шайып кеткен. Оқиға орнында төтенше жағдай қызметкерлері жұмыс істеді. Ешкім зардап шеккен жоқ.