20 қазан 2016 10:31

Алматыда тонаушы полицейлерге қарулы қарсылық көрсетпек болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматыда тонаушы полиция қызметкерлеріне қарумен қарсылық көрсетпек болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі


Алматыда тонаушы полиция қызметкерлеріне қарумен қарсылық көрсетпек болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер Әуезов ауданында түнгі уақытта болған ұрлықтың мән-жайын айтып берді. Түнде полицейлер өтіп бара жатқан адамды тонап кеткен үш адамнан құралған қылмыстық топты ұстады.

"Екі күдікті оқиға орнында ұсталды, біреуі жасырынып үлгерді. Үшінші күдікті соңынан қуған кезде ол тұрғын үйдің кіреберісіне кіріп кетті. Кейінірек олардың сол үйде пәтер жалдап тұратыны анықталды. Содан ер адам пәтеріне кіре салып, травматикалық қару қолданбақ болған. Алайда оның бұл әрекетіне тосқауыл қойылды. Ол травматикалық қаруды қолданып үлгермеді", - деді Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбек.

Оның айтуынша, күдіктілердің үшеуі де Оңтүстік Қазақстан облысының тумалары. Ұсталғандардың жасы 20-да. Сонымен қатар, ІІД өкілдері "Тонау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының басталғанын айтты.

"Ұсталған азаматтардың Әуезов ауданында, сондай-ақ Алматы қаласының аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықалатын болады", - деді қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Ресми мәліметтерге қарағанда, ұсталғандар бүгін уақытша ұстау изоляторына қамалады. Кейінірек сот оларға қатысты бұлтартпау шарасын қолданады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети