Алматыда төрт көлік соқтығысып қалды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда төрт көлік соқтығысып қалды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қалалық ІІД-нің мәліметінше, жол апаты 27 тамызда шамамен түнгі 01:00-де Первомай көшесі мен Солтүстік айналма жолында болған. Абырой болғанда, жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шекпеді.
ІІД баспасөз қызметінің өкілдері өз кезегінде осы оқиғаға қатысты іс қозғалғанын мәлімдеді.
"Қызметтік тексеріс жүргізілді, соның қорытындысы бойынша тәртіптік кеңестің шешімімен Іле АІІБ учаскелік инспекторының ішкі істер органынан босатылуы қарастырылып жатыр", - деді ІІД өкілдері.