Алматыда Toyota жүргізушісі жол шетінде тұрған КамАЗ-бен соқтығысты

10 Сәуір 2018, 17:59
0
Алматыда Toyota жүргізушісі жол шетінде тұрған КамАЗ-бен соқтығысты - ©"Территория происшествий"
©"Территория происшествий"

Алматыда Toyota жүргізушісі жол шетінде тұрған КамАЗ-бен соқтығысты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол апаты Шығыс айналма жолында болған. Жүк көлігі жолдың шетінде тұрған, ол аумақта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Toyota Avalon жүргізушісі жоғары жылдамдықпен келе жатып КамАЗ-ға барып соқтығысқан. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы барды. Дәрігерлер жүргізушіні тексерді, бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартты.


©"Территория происшествий" 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай