22 мамыр 2015 18:33

Алматыда Toyota Land Cruiser көлігінің балалар алаңына барып соғылғаны көрінген видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Youtube.com ©Youtube.com

Алматыда №58 балабақшаның балалар алаңына соғылған жол талғамайтын көліктің соғылғаны бейнеленген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.TV


Алматыда №58 балабақшаның балалар алаңына соғылған жол талғамайтын көліктің соғылғаны бейнеленген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.TV

Azta деген нигі бар қолданушының YouTube желісіне жүктеген видеосында жол талғамайтын көліктің балалар отырған алаңды соққаны және ол жақтан балалардың қашқаны көрінеді.

Айта кетейік, тізгінде отырған жүргізуші әйелге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша жол қозғалысы ережесін бұзу" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, Алматыда қайғылы оқиға 20 мамырда сағат шамамен 12.00-де болды. Жүргізуші әйел, куәгерлердің айтуынша, артқа қарай жоғары жылдамдықпен жүріп келе жатып, балабақша қоршауына соғылған. Көлік, тәрбиешілердің айтуынша, 26 бала ойнап отырған балалар алаңына барып түскен. Бір бүлдіршін қаза тауып, тағы сегізі жарақат алып, Алматы қалалық №1 балалар ауруханасына жеткізілді. Кейін тағы бір баланың ауруханаға жеткізілгені белгілі болды.

Балалар алаңына соғылған жүргізушінің кім екені анықталды. Ол - 46 жастағы әйел. Тергеу жүріп жатыр, әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бүгін, 22 мамырда оны қамауға алу туралы санкция шығарылады. Айта кетейік, тараптардың ымыраға келуіне 2014 жылдың мамыр айынан бастап тыйым салынған, сондықтан жүргізуші әйел 5 жылға дейін сотталуы мүмкін. Балабақша қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, алайда қауіпсіздікті сақтаудың қатаң шаралары қолға алынған - балабақшаға кіретін есік құлыптаулы. Балаларын әкелген ата-аналарға есік қағылғаннан кейін ғана ашылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети