1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматыда Toyota мінген қыз бетон араластыратын машинаға соғылды

©СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы ©СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда Toyota жүргізушісі бетон араластыратын машинаға соғылды, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы тілшісі. 

Жол-көлік оқиғасы Саин көшесінің Абай даңғылына жетер тұсында болған. Куәгерлердің сөзінше, Toyota маркалы көлігін жүргізген қыз оң қатарда келе жатқан. Сол қатарға ауысайын деген, ал ол жолақта бетон араластыратын машина келе эатқан. Нәтижесінде жеңіл көлік айналып кетіп, оны бетон араластырғыш іліп әкеткен. Ал кейін қоршауға соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан қыз зардап шекті. Ол ауруханаға жеткізілді. 


©СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы