20 желтоқсан 2016 17:39

Алматыда тірі адамды "жерлеп тастаған"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тірі адамды "жерлеп тастаған". Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне адвокат Айман Омарова хабарлады. Алматылық қыз осы мәселе бойынша адвокат қызметіне жүгінген екен. Адвокаттың айтуынша, қыз өзінің 2004 жылы "қайтыс болғаны" туралы куәліктің бар екенін білген. Құжатта қыздың қайтыс болу себебі деп жүрек қызметінің жетіспеушілігі көрсетілген.

"Харитонова Олесяның "қайтыс болу" куәлігіндегі мәліметтерге сәйкес, қыз 2004 жылдың 10 қыркүйегінде қайтыс болған. Тіпті Харитонова Олесяның "өлімінен" кейін оның әпкесі мұрагерлік жолмен тиесілі болған пәтерді банкке кепілге қойған", - дейді адвокат.

Енді алматылық қыз құқық қорғау органдарына шағымданбақшы. "Жақында Харитонова Олеся өзінің жолдаған сауалына алған ресми жауабында өлімі жайлы акт жазбасы жоқ екенін, яғни оның өлімі жайлы құжаттың жалған екені жайлы мәлімет алды" , - деді адвокат Айман Омарова.

Өз кезегінде қыздың туыстары оның 1999 жылы үйден кетіп қалып, осы күнге дейін оралмағанын хабарлаған. Қыздың туыстары оны осы уақытқа дейін қайтыс болды деп санап жүрген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети