02 желтоқсан 2014 10:36

Алматыда трамвай депосы өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"Территория происшествий" ©"Территория происшествий"

Алматыда трамвай депосы өртенді. Өрт 2 желтоқсан күні шамамен 06.20-да басталды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. 


Алматыда трамвай депосы өртенді. Өрт 2 желтоқсан күні шамамен 06.20-да басталды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. 

Алдын ала мәлімет бойынша, Байтұрсынұлы көшесіндегі трамвай депосы аумағында 2000 шаршы метр жер өртенді. Оқиға орнына өртке қарсы қызметтің 10 тобы келді. Қазіргі уақытта жалын ауыздықталды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар туралы ақпарат жоқ. Трамвай депосындағы өрттің шығыны анықталып жатыр.  

"АлматыЭлектроТранс" ЖШС мәліметінше, өрт туралы хабар 03.34-те келіп түсті. Депо шатырының 1800 шаршы метрге жуығы өртенген. Оқиға орнынан 16 жылжымалы құрам эвакуацияланды, олар зардап шеккен жоқ. "Сағат 06.00-дағы мәлімет бойынша, № 4 бағыттағы үш жылжымалы құрам мен № 6 бағыттағы екі трамвай кешіктірілді. Өрт толық сөндірілгеннен кейін бес жылжымалы құрам өз бағыттары бойынша желіге шығады. 09.00-дағы мәлімет бойынша № 4 бағытта алты жылжымалы құрам жолаушы тасымалдап жатты, ал № 6 бағыт бойынша үш құрам шығарылды", - деп хабарлады серіктестік өкілдері. Өрт трамвай депосы жұмысына кедергі келтірмеген. 

Трамвай депосы 1938 жылы тұрғызылған болатын. Оның жалпы ауданы - 30,7 мың шаршы метр. Депо аумағында оны басқаратын "АлматыЭлектроТранс" кәсіпорнының орталық кеңсесі орналасқан. 

 

Еске сала кетейік, қараша айының басында Алматы - Талғар тас жолының бойындағы құрылыс материалдары қоймасында ірі өрт болған еді. Екі жүк көлігі, трактор, электрокар мен қоймаға іргелес тұрғын үйдің бір бөлігі өртеніп кетті. Өрт 700 шаршы метр ауданды шарпыды. Оқиға орнында жеке құрамның 75 қызметкері мен 21 техника (16 негізгі, бес арнайы) жұмыс істеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети