12 желтоқсан 2016 17:11

Алматыда троллейбус қаққан оқушы зағип болып қалуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқу жылының басында тролейбус қағып кеткен 15 жастағы алматылық оқушы Арсений Боргульдің көруі нашарлап барады және мүгедек болып қалуы мүмкін. Ал ЖКО бойынша іс әкімшілік сотта қаралып жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне баланың әкесі Андрей Боргуль хабарлады. Оның пікірінше, оның ұлы ауыр жарқат алған, сол себепті іс те қылмыстық сотта қаралуы керек.


Оқу жылының басында тролейбус қағып кеткен 15 жастағы алматылық оқушы Арсений Боргульдің көруі нашарлап барады және мүгедек болып қалуы мүмкін. Ал ЖКО бойынша іс әкімшілік сотта қаралып жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне баланың әкесі Андрей Боргуль хабарлады. Оның пікірінше, оның ұлы ауыр жарқат алған, сол себепті іс те қылмыстық сотта қаралуы керек.

Оқиға 27 қыркүйекте Абай даңғылы мен Прокофьев көшелерінің қиылысында болған.

"Менің балам отырған автобус жүргізушісі жолаушыларды аялдамаға емес, жол үстіне түсіріп жатқан. Оң жақ шеткі жолақпен келе жатқан троллейбус Арсенийді сол уақытта қағып кетті. Жедел жәрдем оны 7 қалалық ауруханаға жеткізді. Сараптама қорытындысы бойынша, ұлымның денсаулығына жеңіл зиян келген, ал біз мұнымен мүлде келіспейміз. Беделді мамандар ұлымның денсаулығы нашарлап келе жатқанын анықтаған, соның ішінде көру жүйкесінің атрофиясы және сол көзінің екінші деңгейлі контузиясы да бар. Денсаулығының нашарлауы үдеп келеді, дәрігерлер баламның бір көзі немесе екі көзі де мүлде көрмей қалуы мүмкін екенін ескертіп отыр", - дейді Андрей Боргуль. Баланың миы шайқалған, сол көзінің атрофиясы және аздаған амнезия да бар. 


Видеотіркеу камерасынан алынған жазба

"Сол көзі 30 пайызға ғана көретін болды! Ол зағип болып қалуы мүмкін, көру қабілеті тарылып келеді. Бұл кемінде денсаулыққа орташа деңгейдегі зиян келтіру болып қаралуы керек", - дейді ол. 

Офтальмологиялық ҚазҒЗИ шешімі:

Боргуль троллейбустың ғана емес, автобус жүргізушісін де жауапқа тартуды сұрап отыр. Автобус жүргізушісі жолаушыларды белгіленбеген орынға түсіргенімен қатар, бейнежазбада екі көліктің жарысып жүргені байқалады.

Оқиға Абай даңғылының бойындағы "Сайран" метро станциясының маңында болғаны белгілі. "№ 25 автобус жүргізушісі аялдамаға тоқтамай адамдарды жол үстіне түсуге мәжбүр етті. Автобустан бірінші болып 15 жастағы бала түсті де оны бірден үлкен жылдамдықпен келе жатқан троллейбус қақты.  № 25 автобус жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті", - дейді куәгерлер Желіде. Мұның алдында "Green bus company" ЖШС директоры Бауыржан Құлышев автопаркке троллейбус қана тиесілі екенін айтқан. Автобус жекеменшік болып шыққан. Оның мәліметінше, автопарк қызметкерлері 50 мың теңге жинап, баланың еміне берген. Тергеу жүргізіліп біткенше жүргізуші жұмыстан босатылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети