17 мамыр 2017 12:00

Алматыда тіс дәрігеріне кетіп жоғалған 18 жастағы қыз табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зере Машарипова © Сурет қыздың Желідегі аккаунтынан алынды Зере Машарипова © Сурет қыздың Желідегі аккаунтынан алынды

Алматыда тіс дәрігеріне кетіп, із-түссіз жоғалып кеткен Зере Машарипова Тараздан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, ол - қала маңындағы Райымбек ауылының 18 жастағы тұрғыны.


Алматыда тіс дәрігеріне кетіп, із-түссіз жоғалып кеткен Зере Машарипова Тараздан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, ол - қала маңындағы Райымбек ауылының 18 жастағы тұрғыны.

Полицейлердің мәліметінше, қыздың есімі негізінде Зернеш Серікбаева, жасы 17-де. Қарасай ауданы Қырғауылды ауылында тұрады. 17 сәуірде із-түссіз жоғалып кеткен. Туыстарының бір ай бойы жүргізген іздестіру шаралары нәтижесіз болғандықтан қыздың ата-анасы БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы қазақстандықтардан көмек сұраған еді. Сондай-ақ, олар 15 мамырда аудандық полицияға арыз қалдырған болатын.

"Жоғалып кеткен қызды іздестіру жұмыстарына Қарасай ауданының полицейлері мен облыстағы іздестіру бөлімінің жедел уәкілдері жұмылды. Зейнеш Серікбаеваның суреттері өңірлік бөлімшелердің барлық полицейіне, сондай-ақ, Жамбыл облысына жіберілді", - деді ІІД өкілдері.

Қыздың осыған дейін де үйінен бірнеше рет кетіп қалып жүргені анықталды. Зейнеш Серікбаева кезекті рет үйінен кеткен соң бір ай бойы Алматыда болған. Ол осы уақытқа дейін Алматыдағы автожуулардың бірінде жұмыс істеген. Ал бірнеше күн бұрын Таразға туған әпкесіне кетіп қалған. Оны Тараздан полицейлер тапты. Зейнеш Серікбаева қазіргі уақытта ата-анасына қайтарылды. Полиция оқиғаның мән-жайын және қыздың үйінен неліктен кетіп қалып жүргенін анықтап жатыр.


Зейнеш Серікбаева. Әлеуметтік желілерден алынған сурет.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы маңында 18 жастағы бойжеткеннің жоғалып кеткені жайлы хабарланған болатын. "Тіс дәрігеріне қызым таңғы уақытта баратын, оның тісін жұлған, түстен кейін тағы да келуін сұраған. Түсте ол сол жаққа кетіп, содан оралмады. Стоматолог таңғы уақытта келгенін, бірақ түстен кейін көрінбегенін айтты. Зеренің телефоны сөндірулі. Полицияға хабарластық, нәтиже жоқ", - деген еді қыздың анасы Гүлайша Сердалиева.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети