19 ақпан 2018 17:06

Алматыда түнгі уақытта төбелес шығарғандар полицияға жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ер адамдар жолдың бойында төбелес шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде таралып жатыр.


Алматыда ер адамдар жолдың бойында төбелес шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде таралып жатыр.

Видеодағы кадрлардан ер адамдардың жол бойында төбелес шығарып, кейіннен оларға қыз баланың жақындап, ер адамдарды ажыратпақшы болғаны көрінеді. Сосын оларға жол полиция қызметкерлері келеді.

Қалалық ІІД өкілдері осы видеоға қатысты пікір білдірді. Полиция мәліметінше, төбелес Гоголь мен Қонаев көшелерінің қиылысында болған.

"17 ақпанға қараған түні өтіп бара жатқан адамдар жол бойында болып жатқан төбелеске байланысты 102-ге қоңырау соққан. Полиция келіп, ер адамдарды Медеу аудандық ІІБ-не жеткізді. Бірақ олар осы төбелес бойынша арыз жазудан бас тартты. Кейінірек олар босатылды", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети