21 қазан 2018 13:39

Алматыда Тұңғыш Президент саябағы маңында жыл басынан бері бес автокөлік ұрланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Тұңғыш Президент саябағы маңында жыл басынан бері бес автокөлік ұрланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда Тұңғыш Президент саябағы маңында жыл басынан бері бес автокөлік ұрланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көлік жүргізушілернің бірі саябақ тұрағында видеобақылау камерасы жоқ екенін айтты. 

"Менің Lexus RX 300 маркалы автокөлігімнің артқы терезесін сындырып, ішінен құнды заттарды ұрлап кетті. Амал не, ҚР Тұңғыш Президент саябағында видеобақылау камералары жоқ. Әйтпесе әккі ұрыларды ұстап алушы едік", - деді ер адам. 

Алматы ІІД баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, бұл дерек бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалады. Қазір полицейлер күдіктілерді іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. 

"Ұрлық жасағандар видеобақылау камера обьективіне түспей қалған. Тұңғыш Президенттің саябағында апта сайын демалыс күндері қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу мақсатында ІІБ Бостандық ауданының жедел криминал және жергілікті полиция қызметкерлері жедел алдын алу шараларын жүргізіп жатыр", - деп мәлімдеді полиция қызметкерлері. 

Сондай-ақ ішкі істер департаментіндегілер, "Кар сити" сауда орталығы мен "Тұлпар" және "Жібек Жолы" базарларында үнемі барлау жұмыстары мен автокөлікті ұрлауға қарсы жергілікті тестілеу жүргізіліп отыратынын айтты.

Полицейлердің мәліметінше, 2018 жылдан бері Тұңғыш Президент саябағының маңынан бес автокөлік тоналған. Тіркелген бес автокөліктің: үшеуінен жеке затты ұрлап кетсе, екеуінен айналарды тонап кеткені анықталды. Төрт қылмыс кідіріссіз және жедел іздестіру іс-шара барысында ұсталды.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети