13 тамыз 2015 15:04

Алматыда тұрғындар дөнер сататын орынның заңсыз құрылысына наразы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы аудандардың бірінің тұрғындары дөнер сататын орынның заңсыз құрылысына наразылық танытып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы аудандардың бірінің тұрғындары дөнер сататын орынның заңсыз құрылысына наразылық танытып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жанжал Төле би көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында шықты. Тұрғындардың бірі Елжан Нәрібаевтың айтуынша, кәсіпкерлер бұрын дүкен болған ғимаратты сатып алып, дөнер сататын орын ашпақшы. Дегенмен, тұрғындардың айтуынша, ғимараттан тамақтану орнын ашуға болмайды. Сонда да жаңа қожайын құрылыс жұмыстарын бастап кетті.

"Кәсіпкер өзінің кәсібі үшін ауланы заңсыз қазып жатыр, ол коммуналдық қызметпен де, басқаларымен де келісімге келмеген. Тұрғындар кәсіпкердің заңсыз әрекеті мен құрылыстың жүруіне қарсы. Қазір жаңалықтардан мұндай орындардың өртеніп жатқанын көп естиміз. Мұндай жағдайдың біздің басымызда да болғанына қарсымыз. Сонымен қатар, үнемі шу мен иіс болады", - деді ол.

Оның айтуынша, қазір тұрғындар заңсыз құрылысқа байланысты прокуратураға және МАҚБ басқармасына шағым жолдап жатыр. "Құрылысты доғару керек. МАҚБ басқармасының өкілі келіп мәселені шешуі керек болған. Тұрғындар наразылық білдірді, содан кейін осы жағдай болды", - деді Нәрібаев.

Жанжал кезінде тұрғындар құрылысшылардың жұмысын тоқтатпақ болды, дегенмен кәсіпкер наразылық танытқан әйелді қоршаудан итеріп жіберді. "Мұнымен қоймай ол әйелге орнынан тұруға көмектескен де жоқ. Өз жұмысшыларына жұмыстарын жалғастыруға бұйрық берді", - деді тұрғын. Осы дерек бойынша жәбірленуші полицияға шағым түсірді. Қазіргі уақытта тұрғындар қалалық билік пен құқық қорғау органдарынан жауап күтіп отыр.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети