27 қазан 2014 12:13

Алматыда туристерді алдаған RaDi tour директорына іздеу жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Владимир Прокопенко ©Владимир Прокопенко

Бірнеше туристі үлкен сомаға алдап кеткен RaDi tour компаниясының директоры Фарида Абдуллаеваға іздеу жарияланды, полиция оған қатысты қылмыстық іс қозғады, - бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жәбірленушілердің адвокаты Асқар Қаймақов айтты. Бірақ алаяқтығы бойынша күдікті болған адам әлі табылмады. RaDi tour турфирмасы заңды түрде жұмыс істеп тұр, ал Алматыдағы кеңсесі жабылып қалды.

"Біздің поркуратураға жасаған шағымымыздан кейін ол ұсталған болатын, бірақ жіберілді. Қазір Абдуллаеваның қайда екені бізге мәлім емес - біз Бостандық ауданы ІІБ қызметкерлерінің әрекетсіздігіне аудандық прокуратураға шағым түсірдік", - дейді қорғаушы Қаймақов. - Менің клиентім RaDi tour компаниясынан 60 мың долларға Түркияға жолдама сатып алды. Ол 9 адамдық отбасыны демалуға жібергісі келген. Бірақ Абдуллаева билет пен қонақтайтын ваучер бермеді. Және ақшаны қайтаруға қарсы болды". Мұнымен қатар, Қаймақов RaDi tour турфирмасының директоры тағы бірнеше клиенттің ақшасын жымқырғанын айтты - ондаған мың доллар. Ол жәбірленушілердің ішінде Алматыдағы медициналық орталықтың белгілі директоры да барын айтты. 

Айта кетейік, Tengrinews.kz бұған дейін де бұл турагенттіктің қызметі жайлы жазған болатын. 2012 жылы Алматы қаласы Алатау аудандық прокуратурасы Қытай азаматтарына шаруашылық жүргізуші субъектілер арқылы қазақстандық визаларды заңсыз толтырғанын анықтаған еді. Сол уақытта прокуратура өкілі кәсіпкерлердің сыйақы ретінде ҚХР азаматтарына еңбек және қызметтік виза алуға шақырту жібергенін мәлімдеді. Заңсыз іскерлік виза толтыруға "Shangri-La" ЖШС және RaDi tour турфирмасының қатысы бары анықталды. Бірақ соңында Қытай азаматтарының бұл компанияларға еш қатысы жоқтығы белгілі болды. Олар көп мерзімді виза алған соң Алматы базарларында көтерме сауда-саттықпен айналысқан. Фирмалардың басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети