26 желтоқсан 2016 13:26

Алматыда ҰҚК нөмірін таққан көлік жол ережесін бірнеше рет бұзған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

"Азаматтық патруль" белсенділері Алматыда ҰҚК жалған нөмірі тағылған SsangYong көлігін түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"Азаматтық патруль" белсенділері Алматыда ҰҚК жалған нөмірі тағылған SsangYong көлігін түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

12 желтоқсанда түсірілген видеода көлік Әл-Фараби даңғылымен шығысқа қарай жүріп бара жатады. Жүргізуші бұрылу белгі шамын қоспай, оңға да, солға да сан рет ауысқан, оның үстіне басуға болмайтын жолақтарды мүлде елемеген.

Белсенділер бұл видеоны Алматының ІІД-не жолдаған. Полиция видео мазмұнымен танысқаннан кейін, SsangYong жүргізушісіне қатысты бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылған. 

Сонымен қатар, полицейлер көліктегі мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің жалған екенін анықтаған. Айта кетейік, жол ережесін мүлде елемеген SsangYong көлігі kz160NS02 нөмірін таққан болатын. NS әріптері National Security дегенді білдіріп, ҚР ҰҚК-не тиесілі болып келеді. 

"Осы дерек бойынша "Көрінеу жалған немесе жасанды мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері тағылған көлік құралын басқару" бойынша қосымша әкімшілік материал жиналды", - деп хабарлайды Алматының ІІД өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети