22 қаңтар 2015 | 12:39

Алматыда үш ер адам полицейді соққыға жықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©almaty.tv ©almaty.tv

Алматының Алатау ауданында үш ер адам полицейді соққыға жықты, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасының "Куәгер" бағдарламасы.


Иконка комментария блок соц сети

Алматының Алатау ауданында үш ер адам полицейді соққыға жықты, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасының "Куәгер" бағдарламасы.

Полицей қырғыз нөмірі бар Honda Odyssey маркалы автокөлігін тоқтатқан, бірақ ол талапты орындамай, жылдамдығын одан әрі арттырып қаша жөнеледі. Полиция оны қызметтік көлігімен қуып, қашқынды үйінің алдына жеткенде ұстады. Бірақ ол полиция қызметкеріне қарсылық көрсетеді, оған туыстары көмекке келген. Сөйтіп үш ер адам полицейге әртүрлі дене жарақатын салды.

Қашқын жүргізуші мен тағы екі ер адам Алатау аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді, олардың біреуі ұстау кезінде мас болған.

Айта кетейік, Honda Odyssey маркалы автокөлігінің Қазақстанда бірнеше заңнаманы өрескел бұзғаны анықталды. Ал күдіктілер уақытша ұстау изоляторында отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағандыда мас адамның тәртіп сақшысына қоқан-лоқы көрсеткені хабарланған болатын. Учаскелік полиция инспекторы шақырту түскен пәтерге барғанда 47 жастағы қожайын қызметкерге қарсы шығып, оның қолын тістеп алды. Тәртіп сақшылары қоғамдық тыныштықты бұзған азаматты ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Оның үстінен билік өкіліне қарсы күш қолдану дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 380-бабымен қылмыстық іс қозғалды. 

Ал 2014 жылы қарашада Хромтаудың полицейге шабуыл жасаған тұрғынына қатаң режимдегі колонияда 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілгені хабарланған болатын. Тәртіп сақшысын тістеп, тырнап алғаны үшін оған қатысты "Билік өкіліне күш қолдану" бабы бойынша іс қозғалған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети