Алматы қалалық Ішкі істер департаментіндегілер Панфилов көшесінде жаяу жүргіншілерге арналған жолда екі адамды қағып кеткен Вentley көлігі жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қалалық Ішкі істер департаментіндегілер Панфилов көшесінде жаяу жүргіншілерге арналған жолда екі адамды қағып кеткен Вentley көлігі жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 4 маусымда шамамен таңғы сағат 6-да болған. "Bentley көлігін басқарған 1974 жылғы жүргізуші Қабанбай батыр көшесімен шығыс батыста келе жатып, Панфилов көшесіне келгенде екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 1993 жылғы жігіт пен 1994 жылғы қыз зардап шекті. Ал көлік жүргізушісі оқиға орнынан кетіп қалған", - деді полициядағылар.
ІІД мәліметінше, жедел жәрдем қызметіндегілер зардап шеккендерді оқиға орнында тексерген.
"Қыз ауруханаға жатудан бас тартты. Екеуі де жарақаттар алған. Қазіргі уақытта ер адамның берген түсініктемелерін тексеруге бағытталған кешенді шаралар жүргізіліп жатыр. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталады. Осы іспен Алмалы аудандық ІІБ айналысып жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалады, соның ішінде сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар да бар. Сараптамалар нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") тіркелді", - деді Алматы қалалық ІІД өкілдері.