22 сәуір 2017 09:31

Алматыда жедел жәрдем көлігі аударылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Территория происшествий" бағдарламасы © "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда жекеменшік Interteach медициналық жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, аударылды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Алматыда жекеменшік Interteach медициналық жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, аударылды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол апатына Желтоқсан мен Мақатаев көшелерінің қиылысындағы істен шыққан бағдаршам себеп болған. Куәгерлердің айтуынша, арнайы медициналық жәрдем көлігі шақырту бойынша Желтоқсан көшесінің бойымен солтүстікке қарай жүріп бара жатқан. Осы кезде Мақатаев көшесімен шығыс бағытта Mercedes көлігі байқамастан қиылысқа шығып кеткен. 

Жедел жәрдем көлігі Mercedes автомобилін соғып, соққыдан бір жағына қарай аударылып, Мақатаев көшесімен батысқа қарай қарап тұрған Hyundai Accent көлігін соққан. Соққы салдарынан үш адам зардап шекті, олар жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен фельдшер және Mercedes жүргізушісі. Үшеуі түрлі жарақатымен ауруханаға жеткізілген. 


© "Территория происшествий"

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети