20 шілде 2017 17:20

Алматыда "спайсқа" мас жүргізуші ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© patrul.kz © patrul.kz

Жол-патрульдік полиция экипажы Шаляпин көшесімен шығыс бағытта кетіп бара жатып, Саиын көшесіне жеткен тұста Toyota Land Cruiser маркалы жол талғамайтын көліктің жүргізушісін тоқтатқан. Тоқтатуға жүргізушінің қылықтары ссебеп болған, - деп хабарлайды patrul.kz.


Жол-патрульдік полиция экипажы Шаляпин көшесімен шығыс бағытта кетіп бара жатып, Саиын көшесіне жеткен тұста Toyota Land Cruiser маркалы жол талғамайтын көліктің жүргізушісін тоқтатқан. Тоқтатуға жүргізушінің қылықтары ссебеп болған, - деп хабарлайды patrul.kz.

Жұргізуші жәй сөзбен айтқанда өзін-өзі ұстай алмаған. Ол отырған орнында ирелеңдеп, орындыққа секіріп теріс қылықтар көрсеткен. Кей кездері ол есін жиып полицейлердің сұрақтарына жауап берген. Алайда оның әрекеттері салқынқандылық танытуға бой бермеді. Жүргізушінің алкогольдік ішімдіктен мұндай күйге түскені байқалмаған, соған қарағанда ол естен тандыратын есірткі заттарын пайдаланған. Өз сөзінде ол ешқандай естен тандыратын заттарды пайдаланбағанын және осыдан бірнеше күн бұрын таблеткалар қабылдағанын және бір апта бұрын анаша шеккенін мойындады.  

Ірі денелі ер адам медициналық тексеруден өтуге бірден келіскен. Алайда жүргізуші куәлігін, көлік құжаттарын құқық қорғау органдарына көрсетуге шамасы болмаған. Ол көліктен шығып кетуге талпынған, сол кезде полицейлер оны медициналық тексеруден өту мекемесіне жеткізуді шешкен. 

 

Қалалық наркологиялық орталыққа келгенде ер адам тынышталған. Дәрігерлер оның қан құрамынан естен тандыратын белгісіз затты (Амфетамин немесе бензодиазепиндер - психостимуляторлар: "легалка" спайс, JWH) тапқан. 

Полицейлер оның көлігін айып тұрағына алып кетіп, ал жүргізушіні Әуезов аудандық ІІБ бөліміне алып кеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети