Алматыдағы автотұрақтардың бірінде белгісіздер ер адамды атып кеткен

24 Қаңтар 2017, 11:32
0
Алматыдағы автотұрақтардың бірінде белгісіздер ер адамды атып кеткен - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Алматыдағы тұрғын үйдегі автотұрақта белгісіздер ер адамды атып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тимирязев пен Шашкин көшелерінің қиылысындағы "Көктем" тұрғын үй кешенінің тұрғындары осы оқиға жайлы редакцияға хабарлады.

Юлия Цойдың айтуынша, 23 қаңтарда шамамен кешкі сағат жетіде ол атыстың куәгері болған. Қыз белгісіз ер адамның паркингте жүргенін, осы кезде тұраққа Lexus көлігінің кіргенін көрген. Жүргізуші қыздың куәгері. 

"Жүргізуші көліктен шыққанда, белгісіз ер адамды байқадым, ол қымбат көліктердің маңында жүрді. Көршім оған ескерту жасаған еді, ол Алексейге оқ атты. Жедел жәрдемнің екі бригадасы және полицияның үш көлігі келді. Көршім жансақтау бөліміне түсті, ал бізден құқық қорғау органдарының өкілдері жауап алды (...) Бұл біздің тұрғын үйде бірінші рет болып отырған жағдай емес, жақында лифтте тағы бір көршіме оқ атылған", - деді әйел.

Куәгер видео жолдап, шабуылдаған адам көрінетін тағы басқа видеолардың барын айтып отыр.

Алматы қалалық ІІД өкілдері бұл мәліметті растап, бұзақылық дерегі бойынша 1983 ылғы ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Бұл іспен Бостандық аудандық полициясы айналысып жатыр. "Зардап шеккен ер адам аяғын жарақаттап алған, ол қала ауруханаларының біріне жеткізілді. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деп хабарлады Салтанат Әзірбек.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай