22 қыркүйек 2019 09:40

Алматыдағы Барахолкада павильон өртенді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТЖД баспасөз қызметі ТЖД баспасөз қызметі

Алматыда "Кенжехан" базарында өрт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД-ге сілтеме жасап.


Алматыда "Кенжехан" базарында өрт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД-ге сілтеме жасап.

Өрт туралы хабарлама 21 қыркүйекте сағат 23.53-те келіп түсті. Өрт сөндіру күштері мен құралдары № 2 жоғары деңгейлі шақырту бойынша жіберілді.

"Алғашқы бөлімшелер алты минутта жетті. Оқиға болған жерге келгенде 15 шаршы метр алаңда ұялы телефондарға арналған аксессуарлары бар бір қабатты павильонның жанып жатқанын көрген, жанындағы контейнерлерге өрт тарап кету қаупі болған. ​ Адамдардың болуына барлау жүргізілді, қорғауға екі "Б" оқпан берілді, жақын жердегі өрт гидранттарына автоцистерналар орнатылды", - делінген хабарламада.

Өрт 00.09-де оқшауланып, 00.22-де сөндірілді. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети