Алматыда Райымбек даңғылының бойында орналасқан базарлардың бірінде алапат өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Алматыда Райымбек даңғылының бойында орналасқан базарлардың бірінде алапат өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Контейнерлерде өрт шыққаны туралы хабар 20 желтоқсанда 04:31-де "101" кезекші пультіне хабар түскен. Өрт сөндіру қызметінің бірінші бригадасы он минуттан соң келген. Осы жағдайға байланысты өрт сөндірушілер мен арнайы техника көбейе берген.
"Өрт сөндірушілер келген уақытта жағдай мынадай болған: "Барыс 4" базарында контейнерлер қатары өртеніп жатқан. Өрт екінші қабатқа өтіп, шатырға ауысу қауіпі болған. Азық-түлік сақталған жеті контейнердің өртенгені анықталды", - деді ведомствоның баспасөз релизінде.
"Өрт сөндіру кезінде бес 50 литрлік және бір 25 литрлік газ баллоны қауіпсіз жерге көшірілді. Жедел әрекеттің арқасында өрттің сыйыну бөлмесі (намазхана) мен зат сақтайтын ғимаратқа көшуінің алдын алды. Өрт 05:40-та ауыздықталып, 06:12-де толығымен сөндірілді. Өрт аумағы - 900 шаршы метр. Өрт сөндіруге жеке құрамның 96 адамы мен 27 арнайы техника жұмылдырылды", - деді Алматы ТЖК ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Айта кетейік, "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі оқиға болған жерде түсірілім жасаған, алайда күзетшілер "жеке территория" деп ешкімге түсіруге рұқсат бермеген.