27 тамыз 2015 09:49

Алматыдағы бренд дүкенінде сатып алушыларды киім ауыстыру бөлмесінде видеоға түсірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube.com © Youtube.com

Алматыдағы бренд дүкендерінің бірінде жас қызметкерлер сатып алушыларды киім ауыстыру бөлмесінде жасырын түрде видеоға түсірген, - деп хабарлайды "31 арна".


Алматыдағы бренд дүкендерінің бірінде жас қызметкерлер сатып алушыларды киім ауыстыру бөлмесінде жасырын түрде видеоға түсірген, - деп хабарлайды "31 арна".

iPhone камерасын желдеткіш бекітілген жерден дүкенге келушілердің бірі кездейсоқ көріп қалған. "Ойда жоқа төбеме қарасам, вентиляцияның тесігіне телефон қойылып жатыр, абыржып қалдым, мені біреулердің түсіріп тұрғанын білдім. Олардың телефонындағы видеоны біз таппай қалдық, олар өшіріп үлгеріпті", - деді алматылық Әсем.

Бұзақылардың камерасына түсіп қалған алматылық Әсем. © 31.kz

Кейін дүкеннің киім ауыстыру бөлмесінде киім сақтайтын қойманың бар екендігі және оның еденінде техникалық қажеттіліктерге арнайы тесілген орынның бар болып шыққаны анықталды. Сол орыннан жасырын камераға түсірілген екен. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл келеңсіздікті басшылық жойып жатыр.


© 31.kz

"Біздің дүкендердің қызметкерлері жастар, көбі үшін бұл орын бірінші жұмыс. Оларға қатаң сөгіс жарияладық және біржақты түрде келісімшартты үздік", - деп мәлімдеді МЕХХ-KAZAKHSTAN компаниясының ритейл-директоры Марина Заиченко.


"МЕХХ-KAZAKHSTAN" ритейл-директоры Марина Заиченко. © 31.kz

Ал заңгерлердің айтуынша, мұндай бұзақылық үшін дүкен қызметкерлері бас бостандығынан айырылуы немесе 4 миллион теңге көлемінде айыппұл арқалауы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети