26 қазан 2015 21:30

Алматыдағы букмекер кеңселерінің бірінде атыс шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© allbiz.kz © allbiz.kz

Алматыдағы Profit букмекер компаниясының кеңсесінде ер адам оқ атқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.


Алматыдағы Profit букмекер компаниясының кеңсесінде ер адам оқ атқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, осы дерек ҚР Қылмыстық кодексінің "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бірыңғай реестрінде тіркелді. "Оқиғаның мән-жайы анықталады. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Кеңсенің күзетшісі жеңіл жарақат алған, ол дәрігерлердің көмегінен бас тартты. Дәрігерлер оқиға орнында көмек көрсетті", - деді Салтанат Әзірбек.  

"Атыс шығарған адамның кім екендігі анықталды, ол травмат қаруымен атқан. Оның неліктен оқ атқаны анықталады. Оны Түрксіб аудандық ІІБ қызметкерлері мен қаланың криминалдық полициясының қызметкерлері іздеп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети