21 қыркүйек 2015 13:13

Алматыдағы жол апаты кезінде 4 адам зардап шекті - ІІД

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы жол апатында трамвай 14 автомобильді соққан. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Алматыдағы жол апатында трамвай 14 автомобильді соққан. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

"Қылмыстық істі өз өндірісіне Алматы қалалық ІІД Анықтау басқармасының жол-көлік оқиғасының тергеу жөніндегі бөлімі алды. Бұл дерек соталды тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Осы іске қатысты қажетті сараптамалар жүргізіледі, сонымен қатар тергеу шаралары жүргізіледі, оның нәтижесі бойынша осы жол-көлік оқиғасының нақты мән-жайы анықталады", - деді ІІД баспасөз қызметіндегілер. Айта кетейік, тергеудің бұл кезеңінде трамвайдың 14 көлікті соққаны белгілі болды, оның салдарынан 4 адам зардап шеккен.

Жол-көлік оқиғасы Байтұрсынов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында болды, оқиға орнында төңкерілген бірнеше көлік жатыр, олардың кейбірі жиырылып қалған. Алдын ала болжам бойынша, трамвайдың тежегіші істен шыққан. Айта кетейік, трамвайда "За рулем стажер" жазуы бар.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети