Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Алматыдағы жол-көлік оқиғасы: Жүргізуші "өзін қатын сияқты ұстады"

13 Маусым 2015, 10:37
0
Махаббат пен оның анасы Ғалия Қоянбаева © Facebok.com
Махаббат пен оның анасы Ғалия Қоянбаева © Facebok.com

Алматыда көлік қағып кеткен 18 жастағы Махаббаттың анасы жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізушінің туыстарымен бірге үйіне келгенін айтты. Ол бұл туралы Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Қызымды көлігімен қағып кеткен жүргізуші туыстарымен келді. Ол артына тығылып келіп отырған туыстары (олар үшеу) үшін маған өте өкінішті. Олар жүргізушінің жүрегі ауыратынын, екі баласы бар екенін айтты... Алғашқы кездесуде мен шыдамай кетіп, ойымдағыны ашық айттым! Кейін оның әпкесі келіп жүрегі ауыратынын тағы айтты. Олар ем үшін ақша төлейді, бұл заңда қарастырылған. Кейін сот болады, шешім қандай болса, сол болады! Ол екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін! Ол өзін неліктен "қатын" сияқты ұстағанын түсінбеймін! Кешіріңіздер, басқа теңеу таба алмадым!", - деді Ғалия Қоянбаева.

Оның айтуынша, қызының бетінің оң жағы сал болып, денесінде ойық пайда болған. "Ол әлі де әлсіз! Келесі аптада бұғанасына операция жасалады", - деді жәбірленген бойжеткеннің анасы.

Бұған дейін Ғалия Қоянбаева кейбір пікірлер оның күмәнін тудырғанын айтқан болатын. "Нур.кз сайтындағы кейбір пікірлерді оқып таңғалғанымды жасырмаймын. Мен қылмыскерді пайда табу мақсатында іздеп жатыр деп жазыпты! Ресми түрде естеріңізге салайын, мен қылмыскерді тапқан адамға сыйақы беретінімді өзім айттым, көмек көрсетем деушілерге банктегі шотымның номерін беруден өзім бас тарттым!!! Маған оның ақшасы керек емес! Мен өз қызымды сатпаймын! Мен тек мына адамның ешқашан көлік жүргізбеуін қалаймын! Ешқашан! Куәгерлер болмады деп те жазып жатыр. Менің қызыма алғашқы болып қасынан өтіп бара жатқан жас жігіт көмек көрсетті. Олар қаққан көліктің қара джип екенін айтты. "Жалған видеоға" келер болсақ, бұл апат болғанға дейін бірнеше секунд бұрын жанармай бекетінің камерасына түсіп қалған. Бекет "Азия Тотал" деп аталады, сеніңіздер! Барлығының сұрақтарына жауап бердім деп ойлаймын?! Маған қолдау көрсеткендердің барлығына алғыс айтқым келеді! Жанашыр адамдардың көп болғаны үшін рахмет!", - деп жазды ол өз аккаунтынан.

Еске сала кетейік, 5 маусымда қара түсті жол талғамайтын көлік 18 жастағы қызды қағып кетіп, оқиға орнынан із жасырған болатын. Қыз болса бұғанасы сынып, бассүйек ми жарақатымен жан сақтау бөліміне түсті.

Қыздың анасы полицияға хабар беріп, әлеуметтік желі қолданушыларынан кінәліні тауып берулерін сұраған болатын. 10 маусымда кінәлі делінген жүргізуші ұсталды. Жол-көлік оқиғасын Қарасай ауданының 1987 жылғы тұрғыны жасаған екен. Ол кінәсін мойындады және қазіргі уақытта одан жауап алынып жатыр. Жол апаты кезінде ол қара түсті Jeep Grand Cherokee автомобилінің тізгінінде болған, көлік оның туысының иелігінде.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай