Алматыда қонақүйлердің бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап.
Алматыда қонақүйлердің бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап.
Төле би және Байзақов көшелерінің қиылысында орналасқан Kausar қонақүйі түтіндеп жатыр деген хабар "101" пультіне таңғы сағат 7.37-де түскен. "Бірінші болып жеке құрам және арнайы техникалар оқиға орнына бес минуттың ішінде, 7.42-де жеткен. Олар жағдайды былай деп бағалаған: "Соседи бар" кафесінің асханасында мангалдан өрт шыққан. Бөлменің төбесін шамамен бес шаршы метр жерді өрт шарпыған. Өрт 07.50-де ауыздықталып, 07.54-те толығымен сөндірілді. 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді", - деді Баймұхамбетова.
"Интересная Алма-Ата"/"ВКонтакте"