03 қараша 2014 11:24

Алматыдағы құрылыс материалдары қоймасында 4 автокөлік жанып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Мегаполиске кіреберісте Алматы - Талғар трассасы бойында орналасқан құрылыс материалдары қоймасында ірі өрт шықты. Өрт екі жүк көлігін, трактор мен электрокарды шарпып, қоймаға жақын маңдағы жеке үйлерге зақым келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Алматыдағы өрт туралы сигнал диспетчер пультіне 06:37-де келіп түсті. 700 шаршы метрді шарпыған өрт 08:41-де сөндірілді. Өрт болған жерде жеке құрамның 75 қызметкері мен 21 техника бірлігі: 16 негізі және 5 арнайы жұмыс істеді.

"Алматының Медеу ауданында өрт болды. Қойма территориясында құрылыс материалдары жанып кетті, төрт автокөлікті жалын шарпыды. Жеке үйдің ішінара төбесі және шаруашылық құрылыстар жанып кетті. Қаза болғандар мен жапа шеккендер жоқ", - делінген ТЖД баспасөз бөлімі мамандары. Айта кетейік, қара түтін өрт болған жерден бірнеше шақырым жерден көрінді.

Еске сала кетейік, шілде айында Алматының Құлжа күрежолында өрт болған еді. Ол кезде Galaksi Group компаниясы қоймаларының аумағында от тұтанды. Компания поливинилхлоридтен құрылыс материалдарын өндірумен айналысады, сонымен бірге плакстиктен жасалған құбыр мен металл профильдерін өндіреді. Өрт 650 шаршы метр аумақты шарпыды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети