Алматыдағы өрт: ЖОО-лар студенттердің қазасына байланысты көңіл айтты

08 Қараша 2016, 17:08
0
Алматыдағы өрт: ЖОО-лар студенттердің қазасына байланысты көңіл айтты - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

"Алматы Тауэрс" ғимаратында болған өрттен қаза тапқандар Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғарғы оқу орындарында оқыған. ЖОО басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Сондай-ақ, университеттегілер қаза тапқандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өрттен қаза тапқандардың ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғарғы оқуы орнының екі студенті бар: Нұрлыбек Сартпаев, электрэнергетика мамандығы бойынша физика-техникалық факультеттің 3-курс студенті; Еламан Айдаралиев, ядролық физика мамандығы бойынша физика-техникалық факультеттің 3-курс студенті.

"Олар жатақханада тұрған (студенттер Алматы облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысынан келген), бос уақыттарында жұмыс істеген. Университет пен кәсіподақ қаза тапқандардың отбасының әрқайсысына 340 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетті. Сондай-ақ, факультеттегілер мен бірге оқыған достары да көңіл айтып, қаза тапқандардың отбасына көмектесуге дайын екенін айтты", - деп хабарлады әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметіндегілер.

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіндегілер де қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты. Ол университетте Абылайхан Зұлпыбеков пен Ёкубжон Тохтамышев білім алған. Олар машина жасау факультетінде 4-курста оқыған.

"Университет басшылығы, А.Бүркітбаев атындағы өнеркәсіптік инженерия институтының ұжымы мен  "Стандарттау және машина жасау" кафедрасы 2016 жылдың 6 қарашасында Almaty towers ғимаратында болған өрттен қаза тапқан студенттердің туыстарына көңіл айтады", - делінген Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің сайтында.

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ әкімшілігі мен ұжымы стоматология факультетінде білім алған, 21 жасында қаза тапқан Исмаилжон Исраиловтың отбасына және туыстарына көңіл айтады.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 6 қарашасында "Алматы Тауэрс" ғимаратында өрт шығып, 80 адамның эвакуацияланғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ, өрттен кейін төрт адамның мәйіті табылғаны айтылды.

Ал кейінірек ғимаратындағы өрттен қаза тапқандардың студенттер болып шыққаны анықталды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай