Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматыдағы "Пассаж" сауда орталығында өрт шықты

10 Тамыз 2015, 19:48
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Алматының Қонаев пен Жібек жолы көшелерінің қиылысындағы "Пассаж" сауда орталығында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан. Салдарынан ғимараттың түрік кафесінің маңындағы сол жақ беті бүлінді.

Алматы қалалық ТЖД өкілдерінің айтуынша, оқиға орнына негізгі техниканың 13 данасы және бір арнайы техникасы келді. Тілсіз жау 19.29-да қоршауға алынып, 19.42-де ауыздықталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт электр желісінің қысқа тұйықталуынан шыққан. Куәгерлердің айтуынша, өрт сауда орталығының маңындағы түрік кафесінде шықты, кейін "Пассаж" сауда үйіне көшкен. 

Оның маңындағы трамвай желісінде қозғалыс тоқтап қалды. Қазіргі уақытта онда көлік жүріп жатқан жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы Жетісу ауданында бірқатар баспананың өртенгені хабарланған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына қысқа тұйықталу себеп болған. Алматы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өртті сөндіру кезінде ер адамның денесі табылды. Ол 1952 жылғы Захаров есімді азамат болып шықты. Өрт 14 негізгі және 3 арнайы техниканың көмегімен сөндірілді, сонымен қатар жеке құрамнан 100 адам жұмылдырылды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай