Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Алматыдағы полицейлердің төбелесі: Жол полицейі ұсталды

19 Шілде 2015, 11:48
0

Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Алматыдағы полицейлердің арасында болған төбелеске пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биылғы наурызда Алматы қалалық ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасына жергілікті тұрғын жол-патруль полициясы қызметкерлерінің тарапынан құқыққа қайшы әрекет жасау дерегі бойынша хабар түсірді. Бұл дерек соталды бірыңғай тергеу реестрінде ҚР ҚК 361-бабының 2-бөлімі бойынша тіркелді - қызметтік өкілін асыра пайдалану. Бұл қылмысты жасады деген күдікпен жол-патруль полициясының қызметкері ұсталды, ол ішкі істер басқармасының қызметкерлеріне қарқынды қарсылық көрсетті", - делінген қалалық ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ары қарай соталды тергеу метариалдарының Алматы қалалық арнайы прокурорына процесуалдық әрекеттер үшін жіберілгені хабарланып отыр. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша қылмыстық іс аяқталды, оны қарауға және шешім шығаруға Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотына жіберілді.

Еске салайық, Алматыдағы қонақүйлерінің біріне келушілер құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің арасында болған төбелісті видеоға түсіріп алған еді. Видео таяуда YouTube желісіндегі "Оса" қоғамының арнасында жарияланды.  

Видео сипаттамасында ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерінің жол полицейіне шабуыл жасағаны жайлы айтылады. Роликте Өзіндік қауіпсізік қызметінің Сембеков Мұхит пен Кожашев Алмас деген қызметкерлерінің аты аталады, олар жол полицейінің қалтасына параны салмақ болады делінеді, ал қолдарынан келмегенде оның формасын жыртып, ұрып-соқты делінеді. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай