23 шілде 2015 08:06

Алматыдағы сел: 280-нен аса адам қауіпсіз аймаққа көшірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласындағы селден 280-нан астам адам қауіпсіз аймаққа көшірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы қаласындағы селден 280-нан астам адам қауіпсіз аймаққа көшірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы қаласы Наурызбай ауданы Қарғалы, Қарағайлы елді мекендеріндегі апат салдарын жоюға ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы 5571, 28237 әскери бөлімдерінің жеке құрамы жұмылдырылды. Таңғы сағат 07.30 жағдайы бойынша апатты аймақтан барлығы 280-нен астам көшіріліп, Наурызбай ауданы әкімдігі мен 176 орта мектеп ғимаратына орналастырылды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Әскери қызметшілер, сонымен қатар, жапа шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсетумен, су тасқыны бұзған жолдарды қалпына келтірумен айналысып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети