05 қазан 2016 | 12:59

Алматыдағы "Шаңырақта" бүлдіршіннің бүйрегін кесіп алып кетіпті деген қауесет таратқандар іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Шаңырақта бүлдіршіннің бүйрегін кесіп алып кетіпті деген қауесет таратқандар іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы Шаңырақта бүлдіршіннің бүйрегін кесіп алып кетіпті деген қауесет таратқандар іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Нақтырақ айтсақ, қазақстандықтар бір-біріне аудиофайл таратып жатыр. Онда әйел адам қазақ тілінде бес жасар қыздың жоғалуына байланысты жантүршігерлік оқиғаны баяндайды. Әйел адам бүлдіршінді ұрлап әкеткендердің оның бүйрегін кесіп алып, қансыратып тастап кеткенін айтады. 

"Кеше менің туысымның 5 жасар қызы "Шаңырақ 2" саябағында жоғалып кетті. Оны жеті сағат бойы іздеді. Қансыраған қыз түнде дүкендердің бірінен табылды. Оның бүйрегін кесіп алып, тігіп, малға ұқсатып, далаға тастап кеткен. Қазір қыз қалалық 12-ші ауруханада жатыр. Сақ болыңыздар, өз балаларыңызға қараңыздар", - дейді аудиофайлдағы дауыс. 

Алматы қалалық ІІД өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне таралып жатқан ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. Полициядағылар аудиофайлдың авторын іздеп табуға уәде беріп отыр. 

Ал 12-ші қалалық ауруханадағылар мекеменің ересектерге арналғанын, ал балалардың бұл ауруханаға жатқызылмайтынын атап өтті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети