Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматыдан 147 шақырымда жер сілкінді

06 Маусым 2014, 11:42
0
©Emsc-csem.org
©Emsc-csem.org

Алматыдан 147 шақырымда - Қырғызстан аумағында магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуропа - Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына сілтеме жасап.

Жерасты дүмпулері 6 маусым күні Астана уақыты бойынша 07.40-та тіркелген. Зілзаланың эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 147 шақырымда, Қаракөл қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 96 шақырымда анықталды. Зардап шеккендер мен зақымданған нысандар туралы мәлімет жоқ. Дүмпулер 1000 метр тереңдікте болған.

Еске салайық, Қырғызстанда соңғы тербеліс 8 мамыр күні болған еді. Магнитудасы 4,1 болатын жерасты дүмпулерінің ошағы Алматыдан 313 шақырым қашықтықтан анықталды. Қырғызстанда сәуір айында да магнитудасы 4-ке тең тербелістер болды.

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай