1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматыдан 184 шақырымда жер сілкінісі болды

Emsc-csem.org сайтындағы карта Emsc-csem.org сайтындағы карта

Алматыдан 184 шақырым қашықтықта магнитудасы 3,8-ге тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап. 

Жер сілкінісі 3 наурыз күні Астана уақыты бойынша сағат 21.32-де болды. Эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 184 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан. Жерасты дүмпулері 9 деген энергетикалық класқа жатқызылып отыр. Тербелістің ошағы бес шақырым тереңдікте болды.

Дүмпулердің әсері туралы мәлімет жоқ. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыдан 187 шақырымда магнитудасы 4,5-ке тең жер сілкінісінің болғаны хабарланған еді. Жер сілкінісі 1 наурыз күні Астана уақыты бойынша сағат 00.09-да тіркелген. Оның эпицентрі Қырғызстан аумағынан анықталды. Тербелістің энергетикалық класы - 9,8. Жерасты дүмпулерінің ошағы 5 шақырым тереңдікте болған.