29 қаңтар 2015 17:03

Алматыдан 316 шақырымда жер сілкінісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жер сілкінісінің ошағы көрсетілген карта. ©Some.kz Жер сілкінісінің ошағы көрсетілген карта. ©Some.kz

Алматыдан 316 шақырымда магнитудасы 4,2-ге тең жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция" мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасап.

Жер сілкінісі 29 қаңтар күні Астана уақыты бойынша сағат 13.55-те тіркелді. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 316 шақырымда, Қытай аумағында анықталды. Энергетикалық класы 9,8-ге тең тербелістің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.

Жер сілкінісінің сезілгені туралы мәлімет жоқ. Еске сала кетейік, 28 қаңтар күні Астана уақыты бойынша сағат 14.08-де Қазақстанның шығысында магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі тіркелген еді. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 567 шақырымда, Қазақстан аумағында анықталды. Энергетикалық класы 9,5-ке тең тербелістің ошағы 15 шақырым тереңдікте болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети