Қытай аумағында Алматыдан 320 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,8 жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция" мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасап.

Жер асты дүмпуі 16 мамыр күні Астана уақытымен сағат 12.38 де тіркелген. Тербелістің энергетикалық класы - 10,5 тең. Оның ошағы 15 шақырым тереңдікте анықталды. Зардап шеккендер мен бүлінгендер туралы ақпарат жоқ.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Алматыдан 140 шақырым қашықтықта магнитудасы 3,7 жер сілкінісі тіркелген болатын. Дәл осы күні Қырғызстан территориясында магнитудасы 4,6 жер асты дүмпуі орын алған.