Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматыдан 320 шақырым қашықтықта магнитудасы 3,7 болатын жер сілкінісі тіркелді 04 сәуір 2014, 21:35

4 сәуір күні Астана уақытымен сағат 17:59-да қазақ-қытай шекарасы маңында магнитудасы 3,7 болатын жер сілкінісі тіркелді.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Картада жер сілкінісінің эпицентрі көрсетілген. Сурет emsc-csem.org сайтынан алынды Картада жер сілкінісінің эпицентрі көрсетілген. Сурет emsc-csem.org сайтынан алынды

4 сәуір күні Астана уақытымен сағат 17:59-да қазақ-қытай шекарасы маңында магнитудасы 3,7 болатын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына сілтеме жасап. 

Сілкініс ошағы 3 шақырым тереңдікте болғаны анықталған. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматының солтүстік-шығыс бағытына қарай 320 шақырым, яғни Талдықорған қаласының шығысына қарай 183 шақырым, ал Жаркент қаласынан солтүстік-шығысына қарай 55 шақырым жерде тіркеліп отыр. 

Опат болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. 

16 наурызда таңертең Алматы қаласының оңтүстік-шығысына қарай 130 шақырым жерде магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі тіркелген еді. Сілкініс ошағы 15 шақырым тереңдікте байқалған. Зардап шеккендер жоқ. 

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram
Доллар бағамы күрт өсті