28 қазан 2016 09:23

Алматыдан 348 шақырым жерде күші 3,2 баллға тең жер сілкінісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдан 348 шақырым жерде, Қытай территориясында жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР білім және ғылым министрлігінің "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция" хабарламасына сілтеме жасап.

"2016 жылдың 28 қазанында сағат 06.19-да жер сілкінісі тіркелген. Жер сілкінісінің эпицентрі - Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 348 шақырым жерде, Қытай аумағында. Зілзаланың энергетикалық классы - 8,7. Ал магнитудасы 3.2-ге тең болды. Жер ошағының координаты: солтүстік ендікте 44.93 градус, шығыс ендікте 80.53 градус. Тереңдігі - 5 шақырым. Жер сілкінісінің сезілгені жайлы мәлімет жоқ", - делінген хабарламада.

Еске салайық, осыған дейін Шығыс және Батыс Қазақстанда да жер сілкінісі болған еді. Жедел мәліметтерге қарағанда, 2016 жылдың 20 қазанында сағат Астана уақыты бойынша 17.19-да Қазақстанның батысында зілзала тіркелген.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети