12 шілде 2018 17:56

Алматылық 15 жастағы қыз сал ауруына шалдыққан інісін өрттен құтқарып, өзі ауруханаға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 15 жастағы қыз өртеніп жатқан үйден сал ауруына шалдыққан інісін алып шықты. Екеуі де күйік алған. Бұл туралы балалардың анасы Оксана Черемисина Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.


Алматыда 15 жастағы қыз өртеніп жатқан үйден сал ауруына шалдыққан інісін алып шықты. Екеуі де күйік алған. Бұл туралы балалардың анасы Оксана Черемисина Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.

Әйелдің айтуынша, 7 шілдеде үйлерінде тоңазытқыш сымдары тұйықталып, өрт шыққан. Ол кезде Оксана аулада жүрген екен. Ал балалары - 15 жастағы Кристина, 13 жастағы Елизавета және 8 жастағы Николай үйде болған.

"Қызымның "Мама, өрт" деп айғайлап жатқанын естідім. Жүгіріп келсем Коля екеуі тұр. Ол ұйқысынан тұрып бірден інісіне қарай жүгірді. Екінші қызым да үйде қалды, мен соған қарай жүгірдім. Сосын жедел жәрдем шақырдық", - дейді әйел.

Өрт салдарынан 15 жастағы Кристина күйік алып, №4 қалалық ауруханада жатыр. Ал 13 жастағы Елизавета күйік бөлімінің жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты , бірақ ауыр. Ал інісі ауруханадан шығарылды.

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіндегілер бұл мәліметті растады. Ведомство мәліметінше, өрттің аумағы 120 шаршы метрді қамтыған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети