08 маусым 2015 12:45

Алматылық ашулы әйел полицейлерді балағаттағаны үшін жауапкершілікке тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

Қызметтік міндетін орындап жатқан полицейді балағаттаған Алматы тұрғыны қылмыстық жауапекршілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қызметтік міндетін орындап жатқан полицейді балағаттаған Алматы тұрғыны қылмыстық жауапекршілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жол-патруль полицейлері қос тұтас жолақты кесіп өткен әйелді тоқтатқан. Ол заңды өрескел бұзды. Жүргізуші әйел заң талаптарын орындамай, инспекторларға жүргізуші куәлігін, басқа да құжаттарын көрсетуден бас тартты. Мұнымен қоса, әйел полицейлерді балағаттап, ашуланды. 

Айта кетейік, осы оқиға туралы видеоны 2015 жылдың 5 маусымында YouTube порталына Andrey DOC™ есімді қолданушы жүктеген болатын. Бейнероликтің сипаттамасында оқиғаның Гагарин мен Өтепов көшелерінің қиылысында болғаны жазылған.

Жол қозғалыс ережелерін бұзғаны үшін әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. "Сонымен қатар, оның іс-әрекетінен қылмыстық іс те байқалды. Аталған дерек Бостандық ауданы ІІБ сотқа дейінгі бірыңғай реестрінде ҚР ҚК 378-баптың 1-тармағы (Билік өкілін балағаттау) бойынша тіркелді", - деді Алматы ІІД Тергеу басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Рүстем Әбдірахманов.

Оның айтуынша, жүргізушінің іс-әрекетінен ҚР ҚК 379 бап (Билік өкіліне бағынбау) белгілері де байқалды. Қазір сотқа дейінгі тағы бір іс ашылды. Бөлімше қызметкерлері аталған деректер бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети