19 шілде 2018 10:07

Алматылық әйел 13 жастағы қызды соққының астына алған: Телеарна оқиғаның мән-жайын анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бейтаныс әйел 13 жастағы қызды балалар алаңында соққының астына алған. Миы шайқалған оқушы қазір ауруханада жатыр. Ал әйел айыппұлмен құтылуы мүмкін, - деп хаабрлайды "Евразия" Біріншісі арнасы


Алматыда бейтаныс әйел 13 жастағы қызды балалар алаңында соққының астына алған. Миы шайқалған оқушы қазір ауруханада жатыр. Ал әйел айыппұлмен құтылуы мүмкін, - деп хаабрлайды "Евразия" Біріншісі арнасы

Телеарнаның айтуынша, оқиға сенбіде болған. Куәгерлердің айтуынша, 45 жастағы әйел балалар алыңында темекі шегіп отырған. Балалардың шуына ескерту жасап, оны тыңдамағаннан кейін Гүлжан Сейдомарова оларға тап берген.  

"Ол маған жақындап егер қазір тынышталмасам, менің жасыма қарамай, мені өлтіретінін, барып бір жерге көміп тастайтынын айтты. Кейін мен қасына барып "Тыңдаңыз, сіз маған тағы да бір рет қоқан-лоқы көрсетсеңіз, заң алдында жауап беретін боласыз" дедім. Ол маған ештеңе демей, атып тұрып тұншықтыра бастады", - деді жәбірленуші Лаура Нұркебаева. 

"Мен балалар алаңынан алыс жерде отырғанмын. Кейін шу басталып кетті. Келсем Гүлжан қолындағы бөтелкесімен қыздың басынан жай ғана бөтелкемен ұрды", - дейді куәгер. 

"Жай ғана соққының" нәтижесі 13 жастағы Лаураның миы шайқалып, ауруханаға жеткізілген. Қыздың анасы полиция бөлімшесіне шағымданып, арыз жазды. Полиция қызметкерелері Сәулеге жәберлеуші тек 36 мың теңге айыппұлмен құтылатынын айтқан. 

"Шынымды айтсам, 15 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) төлеммен құтылады деп ойламадым. Ол ары қарай менің қызыма жасағанын басқа біреулерге де жасауы мүмкін. Ал менің қызым болса, маңдайындағы тыртықпен, психикасына әсер еткен жағдаймен үйден шыға алмай жатады. Менің ойымша бұл әділетсіздік", - деп налыды қыздың анасы Сәуле Іншібаева

Гүлжан Сейдомарованың нұсқасын өзінен білу мүмкін болмады. Журналистермен кездескісі келмеді. Арна тілшілерінің айтуынша, бұл жағдайдың сұмдығы ересек әйелдің балаға қол көтеруімен ғана емес, куәгерлер көре тұра бұл жағдайға араласпағаны. Психологтар бұл жағдайды қазіргі адамдардың бір-біріне деген жан ашу сезімі қалмағанынан деп отыр. Айтуларынша, құндылық жоқ. 

"Біздің жүйемізде көптеген құндылық бала кезімізден бері қаланған. Махаббат, отбасы, баламен қарым-қатынас деген іргетастар бар. Осы төрт іргетас та өсе келе бұзыла бастайды. 13 жастағы қызды ұрып тастаған әйелге келер болсам, ол қоғамға негативін айқындап үйреніп алған. Келе-келе санасына оның істеп жатқаны дұрыс әрекет ретінде қалыптасып кеткен. Не деген зұлымдық", - дейді ҚР Психологтар Ассоциациясының президенті Владимир Стеблянко.

Қазіргі таңда полиция бөлімшесіне осы оқиға орай үш арыз түскен. Лаураның анасынан, Дариғаның ата-анасынан және жәбірленушінің құрбысынан. Дәл осы қыз 45 жастағы әйелдің соққысынан құтқарып алуға тырысты. Үшінші арызды бұл оқиғаның куәгері жазып, ол онда Лаура Нұркебаеваны үлкен әйелдің намысын таптады деп айыптаған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети