14 маусым 2017 17:14

Алматылық тұрғын француз азаматын қызыма тиісті деп кінәлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© abctv.kz © abctv.kz

Алматыда қазақстандық азамат пен Францияның егде азаматы арасында жанжал туды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жанжалға қазақстандық азаматтың жеті жастағы қызына тиіспек болды деген күдік түрткі болған. 


Алматыда қазақстандық азамат пен Францияның егде азаматы арасында жанжал туды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жанжалға қазақстандық азаматтың жеті жастағы қызына тиіспек болды деген күдік түрткі болған. 

Бұл жанжал туралы Индира Серікбай есімді қолданушының әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін белгілі болды. Ол Essentai Mall сауда кешеніндегі Paul кафесінде 38 жастағы ер адам егде жастағы шетелдікке қол жұмсағанын жазған. 

Қазақстан азаматы Қуат Бахридинов Nur.kz порталының бас директоры болған жайт туралы айтып берді. 

Оның сөзінше, оқиға 11 маусымда отбасымен кафеде демалып отырғанда болған. Бахрединовпен бірге әйелі, жеті жастағы қызы және екі ұлы болған. "Тапсырыс келгенше, ұлдарымды алып жүріп қайттым. Сосын қызымның жылағанын естідім. Келіп не болғанын сұрадым. Ол ер адамның белден төмен шымшылағанын айтты. Ол касса маңында тұрған адамды көрсетті. Ұлдарым әйелімнің жанында қалды. Мен ер адмның қасына барып, қолынан ұстап тұрып: "Менің қызыма тиістің бе?" дедім. Ол бетін төмен қаратты", - дейді Бахридинов. 

Осы кезде оларға даяшылар келіп, сыртқа шығуын сұраған. Бахрединовтың айтуынша, шетелдік шығып кетуден бас тартқан. "Бізді қайтадан сыртқа шығуымызды сұрады, мен оның белінен ұстап далаға алып шықтым. Ол жерде орындықтар бар. Мен мұнда отыр, қазір полиция шықрамыз, анықтаймыз дедім. Көзіме тура қарап айт, қызыма тиістің бе деп қайта сұрадым. ол түсінбегенсіп, қайтадан көзін төмен қаратты. Осы кезде бонымен бірге болған қыз (Индира Серікбай - автор ескертпесі) өлтіріп жатыр деп айқайлап, ер адамды далаға алып шығуға бөгет жасамақ болды. Үш күзетші болды, олар ешкімнің қашып кетпеуін қадағалады, өйткені үлкен дау болайын деп тұр еді. Осы сәтте қыз бас консулға қоңырау шалатынын айтты, бұл адам Қазақстанға алғаш келіп отыр, ал мен оған дөрекілік танытып жатырмын деді", - деп баяндады Бахридинов. 

Сосын шетелдік орындыққа отырған. Бахридиновтың айтуынша, осы кезде ол тағы да сұрақ қойған, ал егде француз атып тұрып, оны баспен ұрмақ болған. 

"Мен ары тұрғанмын, сосын қыз жүгіріп келіп, мен оны ұрғалы тұрғанымды айтып кінәләді. Сосын ол өзін кәсіби аудармашы, оны Франция консулдығы жалдағанын айтып, полицияға шағымданамын деп қорқытты. Ол қоңырау шалды, мен де. Ол мен шетелдікке шабуыл жасадым деп шағымданды, мен оның кәмелетке толмаған қызыма тиіскенін айттым. Полиция келді. Осы кезде ол мені қылқындармақ болды, ұрды, қолым істемей қалды деп айқайлады. Екеуміз де арыз жаздық", - дейді ол.

Болған жайт видеобақылау кемераларына түсіп қалған. Видеожазба полицияға тапсырылды. 

Редакция Франция азаматымен байланысқа шыға алмады. Ал консулдықтағылар оның нөмірін бере алмайтынын айтты. 

Алматы ІІД баспасөз қызметі екі тараптың да арызы қарауға алынған мәлімдеді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. "Қазір тергеу процессуалдық шаралар кешенін жүргізіп жатыр. Шаралар тергеудің жанжақты, толық әрі обьективті болуына бағытталған", - дейді полицейлер. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети