Алматының орталық көшелерінің бірінде белгісіз қыз жол бойына жатып алды 16 маусым 2016, 09:10

Алматыдағы Фурманов пен Райымбек даңғылының қиылысында белгісіз бір қыз жол бойында көліктерге кедергі жасап, арлы-берлі жүріп, өз өмірін қауіпке байлаған. Оның бұл ісін куәгер ұялы телефонының камерасына түсіріп алған, - деп хабарлайды Motor.kz.
Видеода әйелдің жол бойына жатып алғаны көрінеді. Бұдан кейін не болғаны айтылмайды. Қыздың неліктен бұл іске барғаны белгісіз қалып отыр.