Алты қазақстандық қазақ-қырғыз шекарасынан заңсыз өткен

11 Қыркүйек 2014, 12:51
0
Алты қазақстандық қазақ-қырғыз шекарасынан заңсыз өткен - ©РИА Новости
©РИА Новости

Қазақ-қырғыз шекарасын заңсыз кесіп өткен Қазақстанның алты азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің БАҚ-пен жұмыс және қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасап. Бұл оқиға Қазақ-Қырғыз шекарасындағы Қырғызстанның Жайылған ауылында орын алған.

Шекарадан заңсыз өткен азаматтарды Талас шекара жасағының қызметкерлері қолға түсірді. Тексеру пункттерін айналып өткен олар Талас облысы, Манас ауданы, Жайылған ауылында ұсталды. Олардың тек жеке басын куәландыратын құжаттары ғана болған. Олар өздерімен бірге ер-тоқым, жүген, ұялы телефон алып жүрген. Ұсталған азаматтардың құжаттары рәсімделгеннен кейін олар Талас облыстық ұлттық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлеріне табысталды.  

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық шекарашылар мемлекеттік шекараны өзгенің төлқұжатымен кесіп өтуге әрекеттенген қырғызстандық азаматшаны ұстаған болатын. Қостанай шекара жасағы "Қайрақ авто" өткізу пунктінің наряды Mercedes автокөлігімен Ресей Федерациясына бара жатқан Қырғызстанның 30 жастағы азаматшасын қолға түсірді. Ұсталған адам төлқұжат бақылауынан апайының құжаттарымен өтуге тырысқан. Аталған факті бойынша құқық қорғау органдарына хабарланды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай