17 шілде 2019 10:00

Анасын іздеп Нұр-Сұлтанға кеткен баланы полицейлер әкесіне қайтарды

© Түркістан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі © Түркістан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі

Полицейлер Мақтаралда жоғалып кеткен 16 жастағы жасөспірімді тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Полицейлер Мақтаралда жоғалып кеткен 16 жастағы жасөспірімді тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыдан екі күн бұрын, сағат 11:00 шамасында 16 жастағы баланың жоғалып кетуіне байланысты жергілікті тұрғындар Мақтарал аудандық полиция бөлімшесіне арызданған. Оқиға жас бала өміріне байланысты болғандықтан құқық қорғау өкілдері шұғыл іске кіріскен. Осы оқиғаға байланысты куәгерлерден ақпарат алып, іздеу жұмыстарын жасаған. 

Полицейлердің анықтауынша, баланың ата-анасы бірнеше жыл бұрын ажырасқан екен. Жасөспірімнің Нұр-Сұлтанға анасын іздеп кетуі мүмкін деген күдіктен соң, тәртіп сақшылары анасымен телефон арқылы сөйлескен. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жасөспірімнің астанада жүргені анықталып, әкесіне аман-сау күйінде қайтарылды. Алайда жоғалған жасөспірім анасына баратындығы жайында әкесіне ескертпеген.

Аталған жайт бойынша жасөспірімнің әкесі аудандық полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, оның ішінде тергеуші, полиция лейтенанты Дәурен Жақсылыққа баласын аман-есен тауып бергені үшін алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Түркістан облысы полицейлері өз кезегінде ата-аналарға балаларын жіті бақылауда ұстап, араласатын ортасын қадағалап, қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети