30 желтоқсан 2016 18:05

Антикоррупциялық қызмет Энергетика министрлігінде жемқорлық қатерлерін анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация tengrinews © Иллюстрация tengrinews ©

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Қазақстан Энергетика министрлігінен жемқорлық қатерлерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Қазақстан Энергетика министрлігінен жемқорлық қатерлерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Энергетика министрлігінде қатаң қателіктер болуы мүмкін. 2016 жылы сыбайлас жемқорлыққа қатысты 9 іс бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда үш есеге көп. Ведомствоның құрылымдары арасында ең көп парақорлық - аймақтық экология департаменттерінде екен. Жыл басынан бері алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп адам сотты болған", - дейді баспасөз қызметі Антикоррупциялық саясат департаментінің директоры Салауат Муксимовтың сөзіне сілтеме жасап. 

Агенттік мәліметінше, министрлік қызметінің тәртібін құқықтық нормаларда жемқорлыққа жол беретін актілер бар. Осылайша, экологиялық қадағалау жасайтын қызметтік тұлғалар қоршаған ортаға келген зиянды экономикалық бағалау кезінде құн көрсеткішін айырмашылығы болатын әдістерді таңдай алған. Экологялық сараптама жүргізуде оң, не теріс қорытынды шығаруға қажетті негіздемелердің нақты критерийлері жоқ. 

Ұйымдастырушылық-басқару тұрғысында айтарлықтай кемшіліктер барын атап өтті баспасөз қызметінің өкілдері. Нақты айтсақ, тексеріс қорытындыларын ұйымдастыру мен қағазға түсіру тәртібі қажетті түрде құқықтық және әдістемелік тұрғыда реттелмеген: іс жүзінде қызметтік тұлғалар тексеріс материалдарын өз бетінше қарап, кеткен бұзушылықтар үшін жауапкершілік деңгейін өздері анықтап, шығын өндіру туралы қаулыны да өздері шығарып отырған. Осыған ұқсас проблемелар министрліктің барлық жұмыс бағыттарында анықталған (атом энергетикасы, энергетикалық қадағалау және бақылау, мұнайгаз саласы)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети